Туған күніңізбен! Жылылық, денсаулық және жарқын сәттер тілейміз! 🌟
Туған күніңізбен! Жылылық, денсаулық және жарқын сәттер тілейміз! 🌟
Университет тарихы, басшылығы, даму стратегиясы және жетістіктері.
Бакалавриат, магистратура және докторантураға түсу туралы барлық ақпарат.
Оқу үрдісі, академиялық ұтқырлық және студенттерге арналған қызметтер.
Институттар, факультет және ғылыми-білім беру орталықтары.
Ғылыми жобалар, журналдар, коммерцияландыру және халықаралық байланыстар.
Жастар бастамалары, рухани-адамгершілік тәрбие және салауатты өмір салты.
Практика, жұмысқа орналасу және түлектер қауымдастығы.
«Ғылым және білім» — ғылыми-тәжірибелік журналының редакциялық саясаты
Негізгі ережелер
«Ғылым және білім» ғылыми – практикалық журналы – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық- техникалық Университетінің мерзімді басылымы. Журналы тоқсан сайын шығарылады, мақалалары қазақ , орыс және ағылшын тілдерінде жарық көреді. Журнал ауылшаруашылық, ветеринариялық, биологиялық, техникалық, экономикалық және әлеуметтік ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулердің өзекті мәселелері бойынша ғылыми мақалалар жариялайды.Журнал Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт Министрлігінде– № 6132-Ж. от 15. 06. 2005 жылы тіркелген. — ISSN – 2305-9397 Халықаралық мерзімді баспасөз орталығы. Жинаққа жазылуды «Қазпошта» АҚ (индекс 76316) газет – журнал каталогтарынан алуға болады. Құрылтайшысы және иесі — Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық – техникалық университеті.
Журналдың функциялық мақсаты
Ғылыми қауымдастықтың кең ауқымына, оның ішінде халықаралық деңгейде, ғылыми зерттеулердің нәтижелері туралы ақпарат алмасу, оқырмандарды әлемдегі озық тәжірибелермен таныстыру болып табылады.
Журналдың тақырыптық бағыты
Журнал ауылшаруашылық ветеринариялық, биологиялық, техникалық, экономикалық және әлеуметтік ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулердің өзекті мәселелері бойынша ғылыми мақалалар жариялайды.
Журналдың шығарылымдық мерзімділігі
Жылына 4 рет , тоқсан сайын, тиражбен кемінде 500 дана шығарылады.
Авторларға арналған жариялау шарттары
Біздің журналда жариялауға жоспарланған ғылыми, техникалық және өндірістік мақалалар бір жақты қаралады және редакция алқасынан өтеді. Оң қорытынды жасалған жағдайда, материал жариялау кезегінде редакцияның «портфолиосына» орналастырылады. Жарияланымның жылдамдығы материалдың өзектілігіне және редакцияның осы тақырыптағы «Портфолиосының» толықтығына байланысты. Сонымен қатар, ҚР БҒМ ККСОН төрағасының 12.06.2013 жылы бұйрығымен №943 журналдың ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін, Комитет ұсынған басылымдар тізіміне енгізу шарттарының бірі – шет тілдерінде басылымдардың болуы; ағылшын тіліндегі мақалалар кезектен тыс басылым құқығына ие болады.
Журналға мақалалар дайындағанда келесі ережелерді сақтауды ұсынамыз
Мақала стандартттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңес қабылдаған ГОСТ 7.5 -98 «Журналдар, жинақтар ақпараттық басылымдар,Жарияланған материалдардың баспа дизайны» бойынша қатаң түрде рәсімделуі керек (№1 хаттама: №1:3 28.05.1998, сондай ақ ГОСТ 7.1-2003ж сәйкес келтірілген библиографиялық тізімдер «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңес қабылдаған библиографиялық сипаттама жалпы талаптар мен рәсімдеу ережелеріне сәйкес болуы қажет. (2003 жылғы 2 шілдедегі №12 хаттама).
Баспа материалдары дизайны элементтерінің реттілігі келесідей
Соның ішінде ағылшын тілінде
Қазақ тіліндегі пайдаланылған әдебиеттердің тізімі латин кестесіне немесе конвертерді пайдалануға қазақ тілінің алфавитына сәйкес даярланды сілтеме
Бір мақаланы жариялау құны:
Қолжазбалар мен электронды нұсқаларын мына мекен-жайға жіберу керек: