Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Хабарландыру

«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты⠀

23.08.2022 354 көрілім

Грант Қазақстан жастарына (14-29 жас) келесі бағыттар бойынша беріледі:

«Ғылым» – ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;

⠀         «Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;

⠀         «Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және дайындауға арналған;⠀

«Бизнес» – экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;⠀

«Медиа» – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған.⠀

2022 жылы әрбір грантқа 3 млн. теңгеден 30 грант берілетін болады.⠀

Үміткерлердің конкурстық өтінімдері (қағаз нұсқада) ағымдағы жылғы 13 қыркүйекке дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, «Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты (14-кіреберіс); ⠀

Байланыс нөмірлері: 8(7172)74-12-78, 8(702-000-88-12, электрондық нұсқасы generation.kaz@gmail.com поштасына қабылданады. 

⠀Конкурстық өтінімдер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде қабылданады және:⠀

1) нысан бойынша жобаның сипаттамасы;⠀

2) жобаның бейне-таныстырылымы (60 секундтан аспайды);⠀

3) шығыстар сметасының жобасы;⠀

4) зияткерлік меншік туралы мәліметтер (бар болса) қамтылуы тиіс.