Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Жаңалықтар

«SMART-UNIVERSITY: Қауіпсіздік, қолжетімділік және даму» конференциясы

25.04.2019 330 көрілім
«SMART-UNIVERSITY: Қауіпсіздік, қолжетімділік және даму» конференциясы

Университетімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Білім алушылардың IT құзыреттіліктерін дамыту үшін IT платформа» жоспарының кестесіне сай 24 сәуір күні «SMART-UNIVERSITY: Қауіпсіздік, қолжетімділік және даму» тақырыбында конференция өткізілді. Конференцияны ұйымдастырушылар Ақпараттық технологиялар орталығының оқытушылары С.К.Баигубенова, А.М.Базарбаева.

«SMART-UNIVERSITY: Қауіпсіздік, қолжетімділік және даму» тақырыбында өткізілген конференцияға «Ақпараттық технологиялар» орталығының оқытушылары және «Ақпараттық жүйелер» мамандығының білім алушылары қатысты.

Конференцияның мақсаты — білім алушылардың IT құзыреттіліктерін қалыптастырудағы SMART технологияларды қолдану және пайдалану тиімділігі аясында конференция қатысушылары арасында пікір алмасып, тәжірибемен бөлісу.

Конференцияда төмендегідей баяндамалар оқылды: Бекенова А.С. — Smart университет – білім берудегі инновация дамуының негізі, Насс О.В, Абуова Ж.М, Вахитова А.Х. — Электронные образовательные ресурсы для реализации  Smart-технологий обучения, Жаксылыкова Г.А., Хайруллина А.С — Основные принципы и  парадигмы системы smart-образования, Баигубенова С.К., Диярова Л.Б. — Болашақ мамандардың ақпараттық-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудағы инновациялық әдістер, Базарбаева А.М. — Робототехника үйренуде arduino-ны пайдалану, Таскаирова А.А. — Математиканы оқытуда инновациялық технологияларды пайдалану, Кудайберген Манас, жетекшісі.: Таскаирова А.А — Мобильді оқытуды қолдану тиімділігі – студент көзімен.

Конференция қатысушылары үлкен белсенділікпен қатысты. Баяндамашыларға әр түрлі сұрақтар қойылып, дискуссия түрінде талқыланды.