Туған күніңізбен! Жылылық, денсаулық және жарқын сәттер тілейміз! 🌟
Туған күніңізбен! Жылылық, денсаулық және жарқын сәттер тілейміз! 🌟
Университет тарихы, басшылығы, даму стратегиясы және жетістіктері.
Бакалавриат, магистратура және докторантураға түсу туралы барлық ақпарат.
Оқу үрдісі, академиялық ұтқырлық және студенттерге арналған қызметтер.
Институттар, факультет және ғылыми-білім беру орталықтары.
Ғылыми жобалар, журналдар, коммерцияландыру және халықаралық байланыстар.
Жастар бастамалары, рухани-адамгершілік тәрбие және салауатты өмір салты.
Практика, жұмысқа орналасу және түлектер қауымдастығы.
| Курс тілі | Қазақ |
| Курс авторы | Нұралин Асыланбек Жұмамұратұлы, «Жалпытехникалық дайындық» орталығының аға оқытушысы |
| Курс мақсаты | Компьютердің жадында және дисплей экранында жазық және үш өлшемді шынайы бейнелерді құру алгоритмдері мен әдістерін оқу және практикалық меңгеру; жалпы және композициялық есептерді шешуге қажетті графикалық редакторларда жұмыс істеудің практикалық дағдыларын дамыту –жобалау. |
| Күтілетін нәтиже | AutoCAD бағдарламасын оқу нәтижесінде білім алушы: білуге: • AutoCAD бағдарламасының интерфейсі; • модельдеу негіздері; • жоба элементтерін редакциялау негіздері; • жобаның сызбалары мен ерекшеліктерін құрастыру параметрлері; • бағдарлама баптаулары және бағдарлама құжатын әр түрлі пішімде сақтау параметрлері. меңгереді: • AutoCAD-да өз бетінше жұмыс істеуді; • екі өлшемді нысандарды құруды; • екі өлшемді нысандарды өңдеуді; • блоктарды жасау, графикалық суреттер мен сілтемелерді қоюды; • нысандардың қасиеттерін басқаруды; • қабаттармен жұмыс істеу: жасау, өңдеу, нысандарды құрылған қабаттарға орналастыру, басып шығару кезінде қабаттардың қасиеттерін басқаруды; • құрамдастарды жасау және өңдеу және сызбаларды басып шығаруды; • көлемді модельдерді жасау және оларды өңдеуді |
| Формат | Курс 4 аптаға арналған, 3 кредит. Курс бойынша білім алушының апталық жүктемсі – 10-12 академиялық сағат. Апта сайынғы сабақтар қамтиды: — қысқа бейне дәрістерді қарау; — практикалық тапсырмаларды орындау Сынақ |
| Бағдарлама | Тақырып 1. Пакетпен жұмыс істеудің жалпы қағидалары. Тақырып 2. Құламалы мәзір (меню) мен құрал саймандар туралы түсінік. Тақырып 3. Негізгі примитивтер. Тақырып 4. Жұмысшы ортаны баптау. Тақырып 5. Абсолютты және салыстырмалы координаттар. Тақырып 6. Қабаттар туралы түсінік. Тақырып 7. Сызбадағы мәтін түрлері, парақтар. Тақырып 8. Бөлшектер бұрыштарының дөңгелектенуін орындау, түйіспелерді құру, сызықтардың қалыңдығын өзгерту. Тақырып 9. Сызықтардың түрлері. Сызбадағы жазулар. Тақырып 10. Тұйықталған контурларды құру. Тақырып 11. Редакциялау. Тақырып 12. Атрибуттармен жұмыс. Тақырып 13. Өлшемдерді салу туралы түсінік. Сызбаларда өлшемдерді қою ережесі. Тақырып 14. Құрастыру сызбаларын құру. Тақырып 15. Мәтін стилін жасау. Сынақ |