Туған күніңізбен! Жылылық, денсаулық және жарқын сәттер тілейміз! 🌟
Туған күніңізбен! Жылылық, денсаулық және жарқын сәттер тілейміз! 🌟
Университет тарихы, басшылығы, даму стратегиясы және жетістіктері.
Бакалавриат, магистратура және докторантураға түсу туралы барлық ақпарат.
Оқу үрдісі, академиялық ұтқырлық және студенттерге арналған қызметтер.
Институттар, факультет және ғылыми-білім беру орталықтары.
Ғылыми жобалар, журналдар, коммерцияландыру және халықаралық байланыстар.
Жастар бастамалары, рухани-адамгершілік тәрбие және салауатты өмір салты.
Практика, жұмысқа орналасу және түлектер қауымдастығы.
| Тақырыбы | Мал шаруашылығын механикаландыру |
| Курс авторы | Тулегенова Диамара Кабденовна – доцент, а.ш.ғ.к. |
| Курс мақсаты | Курс тыңдаушылары мен студенттерге мал шаруашылығы өндірісіндегі технологиялық процестерді механикаландырудың теориялық негіздері мен техникалық құралдарын меңгерту, мал шаруашылығы фермаларында қолданылатын машиналар мен жабдықтардың құрылымы, жұмыс істеу принциптері және пайдалану ерекшеліктері туралы кәсіби білім қалыптастыру. Сондай-ақ мал азығын дайындау және тарату, малды суару, сауу, көңді шығару, микроклиматты қамтамасыз ету жүйелерін тиімді пайдалану дағдыларын дамыту. |
| Күтілетін нәтиже | Курс тыңдаушылары мен студенттер мал шаруашылығын механикаландырудың негізгі технологиялары мен техникалық құралдарын меңгереді, машиналар мен жабдықтардың жұмыс принциптерін түсіндіре алады, оларды тиімді пайдалануды және техникалық-экономикалық тұрғыдан бағалауды үйренеді, сондай-ақ өндірістік жағдайда механикаландырылған технологиялық процестерді ұйымдастыру және жетілдіру бойынша кәсіби құзыреттерді қалыптастырады. |
| Формат | Курс 15 аптаға арналған, видеолекциялар мен тапсырмаларды қамтиды. |
| Бағдарлама | Тақырып 1. Кіріспе. Мал фермалары мен кешендерінің өндірістік — технологиялық сипаттамасы Тақырып 2. Мал фермаларындағы мобильді және стационарлы құрылғылар Тақырып 3. Мал фермалары мен жайылымдарын сумен қамтамасыз етуді механикаландыру Тақырып 4. Фермаларды сумен жабдықтауды және жануарларды суаруды механикаландыру Тақырып 5. Пішен дайындау технологиясы және машиналары Тақырып 6. Сүрлем мен пішендеме дайындаудың технологиясы, машиналары және жабдықтары Тақырып 7. Жемшөп даярлауды механикаландыру Тақырып 8. Малға азықтық қоспалар даярлауды механикаландыру Тақырып 9. Мал азығын таратуды механикаландыру Тақырып 10. Көңді жинау, шығару, ұқсату және пайдалану технологиясы Тақырып 11. Қойларды қырқу және алғашқы өңдеуді механикаландыру Тақырып 12. Фермаларды жылумен жабдықтау жүйелері мен микроклиматты механикаландыру Тақырып 13. Сауу машиналары мен қондырғылары Тақырып 14. Сүтті алғашқы өңдеу және ұқсату технологиясының негіздері Тақырып 15. Малдәрігерлік — санитарлық жұмыстарды механикаландыру |