Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Жаңалықтар

Жәңгір хан университетінде халықаралық семинар өтті

29.05.2026 184 көрілім
Жәңгір хан университетінде халықаралық семинар өтті

Жәңгір хан университетінде Америкалық микробиология қоғамының (American Society for Microbiology) қолдауымен «Микробқа қарсы төзімділік: жаһандық қиындықтар мен шешу жолдары» тақырыбында халықаралық семинар өтті.

Оған Қазақстан, Ресей, Литва, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь және Ұлыбритания елдерінің ғалымдары мен сарапшылары, сондай-ақ ветеринариялық бақылау және қадағалау жүйесінің, денсаулық сақтау саласының, халықаралық ұйымдардың өкілдері, соның ішінде Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы (WOAH/МЭБ) өкілдері қатысты.

Семинар барысында микробқа қарсы резистенттіліктің таралуы, антибиотиктерді ұтымды қолдану, биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ведомствоаралық өзара іс-қимыл және халықаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Айта өтейік, бүгінде микробқа қарсы резистенттілік адам мен жануарлар денсаулығына төнетін ең күрделі жаһандық қауіптердің бірі болып отыр.

– Бүгін біздің университетте микробқа қарсы төзімділік мәселесіне арналған халықаралық семинар өтті. Бұл тақырыптың өзектілігі антибиотиктер тиімділігінің біртіндеп төмендеуімен байланысты. Соның салдарынан адамдар мен жануарлардағы жұқпалы ауруларды емдеу қиындай түседі. Бұл аурудың ұзаққа созылуына, қосымша экономикалық шығындарға және ауыл шаруашылығы жануарлары өнімділігінің төмендеуіне алып келеді. Осы іс-шараны қолдаған Америкалық микробиология қоғамына ерекше алғысымызды білдіреміз. Бұл қолдаудың арқасында біз әртүрлі елдердің мамандарын бір алаңға жинап, бүгінгі күннің маңызды мәселелерінің бірін талқылауға мүмкіндік алдық. Мұндай кездесулер тек тәжірибе алмасу үшін ғана емес, нақты шешімдер қабылдау үшін де маңызды, – дейді Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті Ветеринария және биологиялық қауіпсіздік зертханасының меңгерушісі Лаура Душаева.

Халықаралық семинар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің бастамасымен Қазақстан Республикасының ветеринария саласын дамытудың кешенді жоспары аясында ұйымдастырылды.