Туған күніңізбен! Жылылық, денсаулық және жарқын сәттер тілейміз! 🌟
Туған күніңізбен! Жылылық, денсаулық және жарқын сәттер тілейміз! 🌟
Университет тарихы, басшылығы, даму стратегиясы және жетістіктері.
Бакалавриат, магистратура және докторантураға түсу туралы барлық ақпарат.
Оқу үрдісі, академиялық ұтқырлық және студенттерге арналған қызметтер.
Институттар, факультет және ғылыми-білім беру орталықтары.
Ғылыми жобалар, журналдар, коммерцияландыру және халықаралық байланыстар.
Жастар бастамалары, рухани-адамгершілік тәрбие және салауатты өмір салты.
Практика, жұмысқа орналасу және түлектер қауымдастығы.
Университеттің ғылыми үйірмелері студенттердің академиялық өмірінде маңызды рөл атқарады, олар студенттерге ғылымның әртүрлі салаларын тереңдетіп зерттеуге, зерттеу дағдыларын дамытуға, сондай-ақ оқытушылар мен әріптестермен ғылыми қарым-қатынас жасау және тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін ұсынады.
Университет базасында ғылыми үйірмерлер жұмыс істейді, олар білімнің әртүрлі салаларын қамтиды. Үйірмелер институттар мен ғылыми зертханалар аясында ұйымдастырылып, студенттер, магистранттар мен докторанттардың ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға бағытталған.
Университеттің ғылыми үйірмелері ғылыми бағыттардың кең аясын қамтиды, олардың арасында келесі негізгі салаларды атап өтуге болады: ветеринария, ауыл шаруашылығы, экономика, құрылыс, энергетика.
Ғылыми үйірмелерде студенттер ғылыми зерттеулер жүргізу және оларды қызықтыратын нақты тақырыптар бойынша жұмыс істеу дағдыларын игереді. Бұл зерттеулердің нәтижелері студенттік ғылыми конференцияларда баяндама, тезистер, сондай-ақ курстық және дипломдық жұмыстар түрінде ұсынады.
Ғылым мен технологияларды коммерцияландыру департаменті студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша алғашқы қадамдарыңызды жетекшілік етуге дайын!
Сіздердің болашақ тәлімгерлеріңіз — университеттің оқытушылары мен ғалымдары. Тәжірибелі жетекшілер белгілі спикерлермен дөңгелек үстелдер, пікірталастар, тренингтер, шеберлік сыныптарын ұйымдастырады және білім алудың жаңа форматтарын үнемі ойлап табады. Барлық мәліметтерді студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына жауапты тұлғалардан нақтылауға болады.
Ветеринария және агротехнология институты
| № | Атауы | Жетекшісі | ББ | Қатысушылар саны |
| Ветеринария және агротехнология институты | ||||
| 1 | Таза да сапалы, мол агрономиялық өнім | Мусина М.К., Нургалиева Г.К., Жанаталапов Н.Ж. | Агрономия | 18 |
Цифрлық экономика және тұрақты даму институты
Индустриалды-технологикалық институты
Политехникалық институты
СО ғылыми үйірмелері