Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Жаңалықтар

Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

06.03.2026 675 көрілім
Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

Жәңгір хан университетінде 8 наурыз мерекесіне орай «Гүл сыйлайық әйелге!» атты іс-шара өтті.

Жоғары оқу орнындағы нәзік жандардың құрметіне орайластырылған салтанатты жиында университеттің басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметов ұжымдағы қыз-келіншектерді, аруларды төл мерекелерімен құттықтап, олардың оқу орнының гүлденуіне, ғылыми әлеуетінің өркендеуіне, білім-ғылым саласының дамуына қосқан үлестері зор екенін атап өтті.

Кеш барысында білім ордасының дамуына, кәсіби мамандар даярлау ісіне атсалысып жүрген бір топ мереке иелері марапатталды. Доцент, физика-математика ғылымдарының кандидаты Шолпан Махмудова ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталса, «Парасат» ақпараттық білім беру орталығының директоры Айгүл Есенаманова ЖОО қауымдастығының «Жоғары кәсіптік білім беру саласындағы үздік менеджер» төсбелгісіне ие болды. Сонымен қатар бір топ ғалым-ұстаздар мен қызметкерлер облыс және қала әкімінің алғыс хаттарын, университет ректорының алғыс хаттарын және Құрмет грамотасын иеленді.

Салтанатты жиын концерттік бағдарламамен жалғасты.