Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Жаңалықтар

«Қазақстандағы мұнай-газ кешенінің қазіргі жағдайы»

24.02.2026 442 көрілім
«Қазақстандағы мұнай-газ кешенінің қазіргі жағдайы»

Жәңгір хан университетінің Индустриалды-технологиялық институтында «Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру» білім беру бағдарламалары тобына қарасты «GeoOil» студенттік ғылыми үйірмесінің кезекті отырысы дәріс-семинар түрінде өткізілді.

Іс-шараға профессор-оқытушылар құрамы, өндіріс саласының өкілдері, студенттер мен мектеп оқушылары қатысты. Іс-шараны институт директоры, т.ғ.к. Асқар Бакушев ашқаннан кейін институттың аға оқытушысы Шолпан Ерғалиева «Қазақстандағы мұнай-газ кешенінің қазіргі жағдайы» тақырыбында баяндама жасады. Семинар аталған тақырып төңірегінде пікір алмасумен жалғасты. Өңірімізге белгілі геолог-әдіскер Г.Якименконың жетекшілігімен ұйымдастырылған облыстық жас-геологтардың «Сармат» үйірмесінің  мүшесі, мектеп оқушысы Екатерина Баландина осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстар жөнінде ақпарат берді. Батыс Қазақстан жер қойнауы инспекциясының басшысы Н.Глазунова мұнай-газ саласындағы мәселермен бөлісті.

Жаңа ақпаратқа толы болған семинар соңында қатысушы жас геологтар мен олардың жетекшілеріне сертификаттар табысталды.