Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Жаңалықтар

Индонезия елшісі университетке келді

18.02.2026 268 көрілім
Индонезия елшісі университетке келді

Жәңгір хан университетіне Индонезия Республикасының Қазақстан және Тәжікстан мемлекеттеріндегі төтенше және өкілетті елшісі Мохаммад Фаджрул Рахман өз әріптестерімен бірге келді.

Жұмыс сапары барысында шетелдік қонақтар университет басшылығымен кездесіп, екі елдің жоғары оқу орындары арасында халықаралық деңгейде қарым-қатынас орнату жайында сөз қозғады. Жәңгір хан университетінің оқу жұмыстары жөніндегі проректоры Нұркен Губашев елшілік өкілдеріне жоғары оқу орнының білім беру деңгейі және ғылыми әлеуеті туралы айтып өтті. Төтенше және өкілетті елші Мохаммад Фаджрул Рахман Индонезияда академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында оқығысы келетін студенттерге қолдау көрсетуге дайын екендерін жеткізді. Бұдан әрі қос тарап екі ел арасындағы байланыс және білім-ғылым салалары бойынша мүмкіндіктер туралы пікір алмасты.

Сонымен қатар елшілік өкілдері студенттермен кездесіп, индонезиялық университеттердегі білім беру бағдарламаларын таныстырды.