Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Жаңалықтар

Халықаралық олимпиадаға қатысты

08.12.2025 816 көрілім
Халықаралық олимпиадаға қатысты

Университетіміздегі «Ветеринария және агротехнология» институтының студенттері «Вавилов олимпиадасы-2025» халықаралық студенттік олимпиадасына онлайн форматта қатысты.

Бұл білім додасын Н.И.Вавилов атындағы Саратов мемлекеттік генетика, биотехнология және инженерия университеті академик Н.И.Вавиловтың 138 жылдығына орай ұйымдастырды. Әлемнің әртүрлі елдерінен 17 команда өз бақтарын сынаған сайысқа қатысушылар алдымен географиялық карталармен жұмыс жасаса, екінші кезеңде тестілік тапсырмаларды орындады. Олимпиаданың негізгі мақсаты – студенттердің дайындық деңгейін бағалау, мамандандырылған пәндер бойынша алған білімдерін тереңдету және жүйелеу, академик ғалымның зерттеулеріне назар аударту.

«Өсімдік шаруашылығы» білім беру бағдарламасында оқитын студенттер жоғары деңгейдегі дайындықтарымен қатар өз шешімдерін негіздеу және теориялық материалды тәжірибеде қолдану қабілеттерін көрсетті. Нәтижесінде өздерінің сапалы теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде дәлелдеген студенттерге Н.И.Вавилов атындағы Саратов мемлекеттік генетика, биотехнология және инженерия университетінің сертификаттары мен дипломдары табысталды.