Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Жаңалықтар

«Қыран елім – Қазақстан»

24.10.2025 242 көрілім
«Қыран елім – Қазақстан»

Жәңгір хан университетінде осындай атаумен 25 қазан – Республика күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.

Салтанатты жиында сөз алған басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметов профессор-оқытушылар мен білім алушыларды ұлттық мерекемен құттықтап, биыл Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның қабылданғанына 35 жыл толғанын атап өтті.

Салтанатты шара барысында білім ордасында ұзақ жылдардан бері қызмет атқарып келе жатқан ардагер ұстаз, ғалым Ермек Айталиевке «ҚР Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі табысталды. Сонымен қатар бір топ оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер облыс және қала әкімдерінің алғыс хаттарымен, ректордың Құрмет грамотасымен марапатталды.

Мерекелік шараны университеттің шығармашылық ұжымдары мен өнерлі жастары ән-бимен көркемдеді.