Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Жаңалықтар

Әскери ант қабылдады

14.07.2025 1 206 көрілім
Әскери ант қабылдады

Жәңгір хан университетінде Әскери кафедра білім алушыларының әскери ант қабылдау рәсімі өтті.

Әскери кафедра бітірушілерін құттықтаған университеттің басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметов бұл күннің тарихи әрі тағылымды мәні зор екенін атап өтті.

Салтанатты шарада оқу-жаттығу жиындарында үздік деп танылған және батылдығымен көзге түскен білім алушылар ҚР Қорғаныс министрлігі, БҚО Төтенше жағдайлар департаменті және БҚАТУ басшылығы атынан марапатталды. Сонымен қатар университеттің басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметовке ҚР Қорғаныс министрлігінің алғыс хаты табысталды.

Шараға қатысқан әскери бағыттағы «Ақжайық қырандары» жазғы балалар лагерінің демалушылары да патриоттық әндерін шырқап, кафедра студенттерімен бірге саппен жүріп өтті.

Университет жанындағы Әскери кафедраны 2024-2025 оқу жылында 300-ден астам білім алушы бітірді. Олардың 200-і запастағы сержант шенін алып шықса, 124-і запастағы офицер шенін иеленді. Бір жыл Әскери кафедрада білім алған сержанттар – төрт мамандық бойынша, ал екі жыл оқитын офицерлер алты мамандық бойынша даярланды.