Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Жаңалықтар

Халықаралық әріптестікке қосқан үлес: алғыс пен ризашылық

27.06.2025 1 424 көрілім
Халықаралық әріптестікке қосқан үлес: алғыс пен ризашылық

Жәңгір хан университетінде өткен ғылыми кеңес отырысы аясында Fulbright бағдарламасының қатысушысы, АҚШ азаматы, ағылшын тілі оқытушысы Джошуа Боуэнге салтанатты түрде алғыс хат табысталды.

Бұл – шетелдік маманға студенттердің тілдік дайындығын арттыруға және университетімізде мәдениетаралық өзара түсіністікті нығайтуға қосқан үлесі үшін ризашылық белгісі. Сондай-ақ университет басшылығы атынан Қазақстан Республикасындағы Америка Құрама Штаттарының уақытша сенімді өкілі ханым Дебби Робинсонға аталмыш маңызды білім беру бастамасын қолдағаны үшін алғыс хат жолданды.

Отырыс барысында Египет Араб Республикасындағы Kafrelsheikh университетінің профессоры, доктор Farahat Saad Elsayed Ibrahim Moghanm-ға постдокторантуралық ғылыми тағылымдамадан өткені туралы сертификат табысталды. Тағылымдама ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Сауле Жоламанқызы Рахимгалиеваның ғылыми жетекшілігімен сәтті жүзеге асырылды.

Біз халықаралық ынтымақтастықтың кеңейгеніне қуаныштымыз және әріптестерімізге нәтижелі әрі жемісті еңбектері үшін алғыс білдіреміз!