Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Жаңалықтар

Зияткерлік меншік объектілерін коммерцияландыру бойынша семинар өтті

20.06.2025 594 көрілім
Зияткерлік меншік объектілерін коммерцияландыру бойынша семинар өтті

Жәңгір хан университетінің Технологияларды коммерцияландыру және бизнес-инкубациялау кеңсесі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін (ҒҒТҚН) коммерцияландыру бойынша семинар өткізді.

Семинар барысында Технологияларды коммерцияландыру және бизнес-инкубациялау кеңсесінің жетекшісі Г.Айешева университет ғалымдарын ҒҒТҚН коммерцияландырудың неғұрлым перспективалы жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа дайындықтың негізгі кезеңдерімен, конкурстық құжаттаманың негізгі талаптарымен және аяқталған гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобаларымен, сондай-ақ бастамашыл жобалар бойынша ҒҒТҚН нөмірін алу үдерісімен таныстырды.

Коммерцияландыру жобаларын орындаушы ғалымдар А.Булеков пен С.Есенғалиева суаруда жоғары ақуызды жемшөп дақылдарын өсіру  («Ақназар-Жайық» ЖШС базасында, БҚО); балықтарға, құстарға және ауыл шаруашылығы жануарларына арналған инновациялық құрама жем өндіру («Жамалбек» ЖШС базасында, Маңғыстау обл.) бойынша өз жобаларын іске асыру тәжірибесі туралы айтып берді.

Іс-шара қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Тыңдаушылар проблеманың өзектілігін және ұсынылған ақпараттың практикалық маңыздылығын атап өтіп, бизнес-серіктестерді тарту, конкурстық өтінімді дайындау және коммерцияландыру жобаларын іске асыру кезіндегі негізгі проблемаларды талқылады.