Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Жаңалықтар

Халықаралық қысқы мектеп өз жұмысын аяқтады

10.12.2024 681 көрілім
Халықаралық қысқы мектеп өз жұмысын аяқтады

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы мен Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетімен, Ташкент мемлекеттік аграрлық университеті, Белград университетінің пәнаралық зерттеулер институты, Сейфуллин атындағы Қазақ ғылыми-зерттеу университеті және А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығымен бірлесіп ұйымдастырылған «Ғылым мен агроөнеркәсіп кешенінің интеграциясы. Заман талабы» атты халықаралық қысқы мектеп өз жұмысын аяқтады.

Қысқы мектеп барысында студенттер мен жас зерттеушілер агроөнеркәсіп кешенін дамытуға атсалысып жүрген жетекші қазақстандық және өзбек ғалымдарының 15 дәрісін тыңдады, сонымен қатар халықаралық рецензияланған журналдарға мақала жазу және оны жіберу, қойларды қолдан ұрықтандыру және агроөнеркәсіптік кешендегі технологияларды коммерцияландыру бойынша үш шеберлік сабағына қатысты.     

Қысқы мектептің барлық спикерлеріне мектеп жұмысын ұйымдастыруға қосқан үлестері үшін, ал тыңдаушыларға мектеп жұмысына белсенді қатысқандары үшін алғыс айтамыз.