Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Жаңалықтар

Финалдық ойындарға қатысады

23.10.2024 487 көрілім
Финалдық ойындарға қатысады

Жәңгір хан университетінде «Батыс аймақтық ЖОО студент қыздары арасында волейболдан спорттық студенттік лига»өтті.

Екі күнге созылған жарысқаА.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің және Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың командаларықатысып, өз бақтарын сынады.

Жарыс нәтижесінде жүлделі І орынды Ақтаудан келген Есенов университетінің қыздар командасы жеңіп алды. Ал екінші және үшінші орындарды алаң иелері Жәңгір хан университеті мен Ақтөбеден келген Жұбанов университетінің қыздары өзара бөлісті.

Тағы бір қуанышты жаңалық –Жәңгір хан университетінің командасы Х.Досмұхамедов атындағы Атыраууниверситетінде өткенбатыс аймақтық жоғары оқу орындарыныңерлер командалары арасындағы спорттық студенттік лигада ІІ орынды иеленді.

Спорттық студенттік лиганың І және ІІ орын алған жүлдегерлері Астана қаласына финалдық ойындарға жолдама алды.