Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Жаңалықтар

Халықаралық олимпиадада жүлдегер атанды

09.10.2024 613 көрілім
Халықаралық олимпиадада жүлдегер атанды

Биылғы 30 қыркүйек пен 5 қазан аралығында Ресейдің Сочи қаласында әлемнің 36 елінен 600 үздік студентті жинаған Қаржылық қауіпсіздік бойынша IV халықаралық олимпиада өтті.

Бағдарламасы дәрістер, интерактивті шеберханалар, шеберлік сағаттары, панельдік пікірталастар, викториналар, байқаулар, мәдени және спорттық сайыстар сынды 60-тан астам түрлі іс-шарадан құрылған олимпиаданың мақсаты – жас ұрпақтың ақпараттық, қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыру, талантты жастарды іздестіру, қаржылық қауіпсіздік саласындағы ғылыми-зерттеу дағдыларының дамуын ынталандыру.

Осы халықаралық додада Қазақстан командасы қаржылық тергеу бойынша «Графус» оқу жүйесінде ұйымдастырылған жарыста ІІІ орынды иеленді. Команда мүшелерінің ішінде Жәңгір хан университетінің «Қаржы» мамандығы бойынша 4-курс студенттері Дана Абдулшаева мен Кәмшат Аманжол да болды. Сондай-ақ Дана Абдулшаева «Экономика» пәні бойынша жүлдегер атанып, II дәрежелі дипломмен марапатталды. 

Еске сала кетсек, осы жылдың мамыр айында ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы «Қаржылық қауіпсіздік бойынша халықаралық олимпиада – 2024» атты үш кезеңнен тұратын олимпиада өткізген еді. Екінші кезеңнің нәтижесі бойынша І орын алған Д.Абдулшаева мен II орын алған К.Аманжол Сочи қаласында (РФ) өтетін Олимпиаданың соңғы кезеңіне жолдама алған болатын.

Жетекшісі: экономика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Альберта Шынболатқызы Абдешова.