Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Жаңалықтар

Табысты түйінделген тағылымдама

04.09.2024 498 көрілім
Табысты түйінделген тағылымдама

Жәңгір хан университетінің аға оқытушысы Роза Джусупкалиева биылғы жылдың наурыз-қыркүйек айлары аралығында Ресей ғылым академиясының «Құрылымдық макрокинетика және машина жасау мәселелері институтында» тағылымдамадан өтті. Ғылыми тағылымдама барысында Роза Ибраимқызы физикалық материалтану (зертхана меңгерушісі т.ғ.к. А.Е.Сычев ) және рентгенқұрылымдық зерттеулер (зертхана меңгерушісі ф-м.ғ.д. Д.Ю.Ковалев) зертханаларының құрал-жабдықтарымен  танысты. Каталитикалық процестер зертханасы ғылыми қызметкерлерінің басшылығымен (Е.Г.Чепайкин, В.Н.Борщ, Пугачева, С.И.Помогайло, И.М.Быстрова) Батыс Қазақстанның минералдық шикізаты негізінде катализаторларды синтездеу әдістемесін игеріп, СО және көмірсутектердің терең каталитикалық тотығу, СО2 гидрлеу және ілеспе мұнай газдарының құрамдас бөлігі ретінде пропанның ішінара тотығу зертханалық қондырғыларында жұмыс істеу дағдыларын меңгерді.

Роза Ибраимқызы озық білім берген ресейлік жоғары оқу орнының қызметкерлеріне шынайы алғысын білдіреді және алдағы уақытта аталмыш шетелдік білім ордасы мен Жәңгір хан университеті арасындағы халықаралық ынтымақтастық аясындағы өзара әріптестік байланыс нығая түседі деген сенімде.