Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Жаңалықтар

«Кітапхана түні — 2023»

01.11.2023 239 көрілім
«Кітапхана түні — 2023»

Жәңгір хан университетінде 31 қазан күні дәстүрлі «Кітапхана түні-2023» іс-шарасы өтті.

Университеттің «Парасат» ақпараттық-білім беру орталығы ұйымдастырған шара биыл екінші жыл қатарынан өтуде.  Биылғы кештің арнайы қонақтары – өлкетанушы, «DANA» орталығының басшысы Жантас Сафуллин мен саяхатшы Темірлан Мұқашев.

Алдымен сөз алған университеттің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ақылбек Сұлтанов бұл дәстүрлі іс-шара білім ордасының 60 жылдығымен тұспа-тұс өтіп жатқанын айтып, жастарды белсене қатысуға шақырды. «Парасат» орталығының директоры Айгүл Есенаманова шараның маңызына тоқтала келе, университет кітапханасының жұмысына қысқаша сипаттама берді.

Бұдан соң кеш қонақтарымен кездесулер ұйымдастырылды.  Коворкинг орталығында оқытушылармен және студенттермен жүздескен Жантас Нәбиоллаұлы өзінің өмір жолынан, ел тарихы, өлкетану, қазақ баспасөзі салаларындағы еңбектерінен хабардар етті. Осындай қызықты кездесу орталықтың келесі залында саяхатшы Темірлан Мұқашевпен жалғасты. Жастар арасында танымал батысқазақстандық жас блогер өзінің саяхаттары туралы әңгімелеп, жастардың сауалдарына жауап берді.

«Кітапхана түні» бұдан әрі «Laysan» студиясының шеберлік сағатымен, үстел және квест ойындарымен, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» зияткерлік ойынымен жалғасты. Қатысушылар түрлі танымдық сұрақтарға жауап беріп, сыйлықтар иеленді.