Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01

Жаңалықтар

Қандай инвестициялар венчурлық деп аталады, Венчурлық капитал қалай жұмыс істейді, Неліктен венчурлық капиталға инвестиция салу керек, Венчурлық қор арқылы қалай инвестициялауға болады және басқада сұрақтарға 23 тамызда Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-нің “West StartUp Incubator” бизнес-инкубаторының бизнес-инкубациялау бағдарламасына қатысушылар жауап алды.

23.08.2023 379 көрілім

Кәсіпкерлікті қаржыландырудың, қаржы салудың бірнеше жолдары бар. Әлем елдерінде қарқынды дамыған түрі – венчурлық қаржыландыру. Ол – қайта ашылатын шағын жоғарытехнологиялық перспективасы бар компанияларға ғылыми өнімдерді жасауға, өндіру, дамыту, пайда табу мақсатында салынатын тәуекелі жоғары ұзақ мерзімді жеке қаржы инвестициясы.

Венчурлық қаржыландыру стартап-жобаларды әлеуметтік, қаржылай қолдауға мүмкіндік береді.

Венчурлық фирмалар – жаңа өндірісті іске қосушы. Оларды құру үшін ең басты 4 қағиданы ұстанған жөн: коммерциялық ой, қоғамдық сұраныс, венчурлық фирма құруға дайын тұлға және тәуекел капиталы. Осы 4 негізге сүйене отырып ашылған фирма ғылыми-техникалық дамуды жеделдетіп, мемлекеттің өндірістік саласын қалыптастыруға үлес қосады.

“West StartUp Incubator” бизнес-инкубаторының маманы, бизнес-трекер Канбиби Нурсапинаның айтуынша, жоғары білім беру орындарының жанынан технопарктер, инновациялық‑технологиялық орталықтар, бизнес инкубаторлар, шағын инновациялық кәсіпорындар, маркетингтік зерттеу қызметтері жүргізілсе, мамандардың кәсіпкерлікке даярлығы, инновациялық жобаларды дамытуға, тәуекел капиталын айналымға қосуға деген қабілеті қалыптасады.