Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Жаңалықтар

ACeSYRI жобалық тобының мүшелері Сәтбаев университетіндегі «Жазғы мектепке» қатысуда

06.06.2023 235 көрілім
ACeSYRI жобалық тобының мүшелері Сәтбаев университетіндегі «Жазғы мектепке» қатысуда

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық—техникалық университетінің Erasmus+ бағдарламасының ACeSYRI жобасының мүшелері ағымдағы жылдың 5 маусымынан бастап Сәтбаев университетінде (Алматы қ.) ұйымдастырылған ACeSYRI «Жазғы мектебіне» қатысуда.

5-10 маусым аралығында өтетін «Жазғы мектеп» ақпараттық технологиялар саласындағы жас зерттеушілер потенциалының өсуіне және қазақстандық ғалымдардың еуропалық ғалымдармен ынтымақтастығына жағдай жасауды көздейді. 5 маусым күні Жәңгір хан атындағы БҚАТУ жобалық тобының мүшесі, ACeSYRI ACeSYRI жобасының сапа бойынша офицері Замзагүл Сұлтанова сапаны бақылау бойынша жиналыс өткізді.

6 маусым күні командамыздың мүшелері Людмила Сергеевна Таршилова «Ғылыми зерттеудің әдістемесі: парадигма, диагностика, қағидалары» атты, Замзагүл Хамитқызы Сұлтанова «Зерттеудің дизайны» тақырыбында шеберлік сағаттарын ұйымдастырды. Сонымен қатар «Ақпараттық технологиялар» жоғары мектебінің аға оқытушысы Анаргуль Сағиндыққызы Бекенова жобалық тобының мүшелерімен бірігіп жасалған зерттеу қорытындыларын баяндады.

Бұдан әрі жас ғалымдар Гүлбаршын Нұрланқызы Мизамова мен Айгүл Дәулетқызы Кубегенованың презентациялары, Л.С.Таршиловамен және З.Х.Сұлтановамен қосымша сабақтар өткізілетін болады.