Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01

Жаңалықтар

Корейлік профессор Жәңгір хан университетінде болды

19.05.2023 206 көрілім
Корейлік профессор Жәңгір хан университетінде болды

Осы аптада «Экономика және аудит»  жоғары мектебіне PhD, Корея университетінің профессоры Song Soo Lim (Dept. food and Resource Economics) Сеулден жұмыс сапарымен келді.

Сон Су Лим Корея университетінде халықаралық экономикадан сабақ береді және халықаралық азық-түлік саудасы мен сауда келіссөздері, халықаралық институттар және азық-түлік саясаты бойынша зерттеулер жүргізеді, жеке және мемлекеттік ұйымдарға сауда және саясат саласындағы терең экономикалық талдау мәселелері бойынша кеңес беретін жобаның тәжірибелі басшысы.

Бір апта ішінде Сон Су Лим экономика, менеджмент, аудит және салық салу, қаржы мамандықтарының студенттері мен университет оқытушыларына сабақ өткізді.

18 мамыр күні коворкинг орталығында професмор-оқытушылар құрамымен қорытынды кездесу өтіп, халықаралық сауда және азық-түлік саясаты мәселелері талқыланды.