Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01

Жаңалықтар

Ардагерде – алтын медаль, студентте – жолдама

27.02.2023 176 көрілім
Ардагерде – алтын медаль, студентте – жолдама

Жәңгір хан университетінің ардагер спортшысы Николай Коломоец гір спортынан  ҚР чемпионатында жеңіске жетсе, «Агротехнология институтының» студенті Аяжан Мағзомова тоғызқұмалақтан Таразда өтетін республикалық додаға жолдама алды.

Николай Константинович гір спортынан жасөспірімдер мен ерлер және ардагерлер арасындағы ҚР чемпионатында қарсыластарынан басым түсіп, алтын медаль иеленді. Ол 70 жастан жоғары ардагерлер арасында 95 келі салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Еске сала кетсек, ел чемпионаты 24-26 ақпан күндері Астана қаласында өткен болатын.

Ал студент-спортшы Аяжан Мағзомова (ПБ-21 тобы) жастар арасында тоғызқұмалақтан Батыс Қазақстан облысының жекелей чемпионатында жүлделі 2-орынды иеленді. Енді Аяжан облыс намысын Таразда өтетін республикалық чемпионатта қорғайтын болады.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Спортшы аруымызға сәттілік және жеңіс тілейміз.