Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Жаңалықтар

Кәсіби бағдар берушілердің тағы бір тобы жиналды

24.01.2023 189 көрілім
Кәсіби бағдар берушілердің тағы бір тобы жиналды

Жәңгір хан университетінде «Кәсіби бағдар берудің үздік тәжірибелері» тақырыбында воркшоп форматындағы іс-шара өтуде.

Өңіріміздегі мектептер мен колледждердің кәсіби бағдар берушілеріне арналған шараның дүйсенбі күнгі алғашқы жиынына облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, БҚО білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева, Жәңгір хан университетінің басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметов қатысты.

Өз сөзінде облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов маңызды шараны ұйымдастырған университет басшылығына алғыс білдірді. Жиын барысында басқарма төрағасы-ректор А.Наметов мамандарға кәсіби бағдар берудегі университеттердің рөлі жайында баяндама жасаса, оқу жұмыстары жөніндегі проректор Нұркен Губашев Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың білім беру саласындағы заманауи тәсілдермен таныстырды.

Бұдан кейін кәсіби бағдар берушілер бірнеше топқа бөлініп, секциялық жұмыстарға  қатысты. Сондай-ақ түрлі тренингтер және университетке саяхат ұйымдастырылды. Осы аптаның соңына дейін жалғасатын воркшопта кәсіби бағдар берушілер үш кезең бойынша қамтылатын болады.