Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01

Жаңалықтар

Университеттің сыртқы байланыстары айтылды

18.10.2022 161 көрілім
Университеттің сыртқы байланыстары айтылды

Халықаралық ынтымақтастық бөлімі университетіміздің 2-3 курс студенттері мен 1-курс магистранттарына арналған ақпараттық жиналыс өткізді.

Оған білім алушылардан бөлек, әр институттың академиялық оралымдылық бойынша эдвайзерлері қатысты. Іс-шара барысында ішкі және сыртқы академиялық оралымдылық ережелері мен талаптары, қажетті құжаттар, университетіміздің қай елдермен, қай жоғары оқу орындарымен серіктестікте екендігі,  шетелде оқу тілі бойынша біліктілік деңгейі туралы мәліметтер түсіндірілді.

Тағы бір маңызды ақпарат мемлекеттік және халықаралық деңгейдегі конкурстар, атаулы шәкіртақылар түрлері, шәкіртақыларға ие болу әдістеріне қатысты болды. Кездесу соңында білім алушылар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, толыққанды жауаптар қайтарылды.