Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Жаңалықтар

Студенттер шаруа қожалығында болды

07.10.2022 148 көрілім
Студенттер шаруа қожалығында болды

5 қазан күні «Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы» институтының ВТ-35, ВТ-32, ВТ-41, ВТ-42, ВМ-52 топтарының студенттері доцент Рашид Кармалиев, аға оқытушы Фарида Нуржанова, доцент Абзал Кереев, аға оқытушы Ербол Сенгалиевпен бірге Бәйтерек ауданының «Ильяс групп» ШҚ-да практикаға бағытталған сабақта болды.

«Ішкі жұқпалы емес аурулар клиникалық  балаумен», «Ветеринарлық фармакология», «Акушерлік және гинекология», «Хирургия», «Паразитология» пәндері бойынша өткен тәжiрибелiк сабақта студенттерге ірі қара малының бекіту әдістері, дәрілік заттарды енгізу жолдары көрсетілді. Сонымен қатар, білім алушылар клиникалық зерттеулер бойынша тәжiрибе алып, хирургиялық жараларды емдеді, ректальды зерттеу жүргізіп, мастит және гиподерматоз ауруын анықтады.