Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Жаңалықтар

Студенттер тазалық шарасына атсалысты

20.09.2022 223 көрілім
Студенттер тазалық шарасына атсалысты

16 қыркүйек күні «Мұнай, газ және химиялық инженерия» жоғары мектебінің тәрбие ісі жөніндегі эдвайзері Айнагуль Абдыгалиеваның ұйымдастыруымен облыстық деңгейдегі шара оздырылды. «Жайық — Ана, Жайық – Елім, Отаным» атты социалды экологиялық жобаның бастауымен студенттерге табиғатты аялау, қорғау мақсатында  тазалық күні өткізілді. «Халықаралық тазалық күні» аясында өткізілген шараға «БҚО бойынша экология департаменті», «КПО б.в.» компаниясы, «БҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу» басқармасы, «Индустриалды технологиялық» институтының «Мұнай, газ және химиялық инженерия» жоғары мектебінің профессор-оқытушылар құрамы және «Пайдалы қазбалар кенорындарын геологиясы және оларды барлау» білім беру бағдарламасының 2 курс білім алушылары қатысты. Шара барысында АҚ «БҚМҚ» мекемесі айналасы, Жайық  өзені жағалауы қоқыстан тазартылды.