Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01

Жаңалықтар

«Қазақстанда өнеркәсіптік автоматтандыру және робототехника үшін қосарлы білім беру»

15.07.2022 276 көрілім
«Қазақстанда өнеркәсіптік автоматтандыру және робототехника үшін қосарлы білім беру»

Erasmus+ «Қазақстанда өнеркәсіптік автоматтандыру және робототехника үшін қосарлы білім беру/DIARKAZ» жобасы аясында 15.06.22 — 29.06.22 аралығында «Орал трансформатор зауыты» ЖШС инженерлік-техникалық қызметкерлері үшін екі курс өткізілді: «Робототехникадағы компьютерлік басқару технологиялары» және «Интеллектуалды робототехникалық жүйелер».

Екі курс бойынша модульдердің негізгі түрлері оқытылды. «Робототехникадағы компьютерлік басқару технологиялары» курсы бойынша «ДК жұмыс істеуінің арифметикалық негіздері» (1 модуль), «Робототехникадағы басқару» (2 модуль). Ал «Интеллектуалды робототехникалық жүйелер» курсы бойынша «Интеллектуалды жүйелерді құру» (1 модуль), «Робототехникалық кешендерді жобалау» (2 модуль) қарастырылды.

Курс нәтижелері бойынша тыңдаушылар зауыттың ИТҚ үшін оларды қызықтыратын тақырыптар бойынша біліктілікті арттыру курстарын жиі өткізуге ниет білдірді. Оқу жоспары өзгеріссіз толығымен орындалды. Курс соңында барлық тыңдаушыларға сертификаттар табысталды.