Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Жаңалықтар

СҒЗЖ Республикалық байқауының қорытындысы!

08.06.2022 253 көрілім
СҒЗЖ Республикалық байқауының қорытындысы!

Мамыр айында КеАҚ «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде» өткен СҒЗЖ Республикалық конкурсының II кезеңінің қорытындысы бойынша 5В072700 – «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығы бойынша Мырзакерім Б.Б, Султанова М.С., Утегалиева А.Е. I дәрежелі дипломымен «Гүл тозығымен байытылған ферменттелген балмұздақ технологиясын әзірлеу» ғылыми жұмысы үшін марапатталды. Ғылыми жетекшілері: Тағам және қайта өңдеу өндірістерінің технологиялары жоғары мектебінің аға оқытушысы, т.ғ.к. Оразов Аян Жарылқасынұлы және магистр, оқытушы Есмағамбет Рита Өмірзаққызы.

АҚ «Қазақ технология және бизнес университетінде» өткен 5В072800 –«Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы» мамандығы бойынша III дәрежелі дипломымен Мусина Н.М., Кауэтова Н.Ж., Сарыбаева Н.С. «Емдік-профилактикалық бағыттағы зімбір печеньесін дайындау» тақырыбындағы ғылыми жұмысы үшін марапатталды. Ғылыми жетекшілері: Тағам және қайта өңдеу өндірістерінің технологиялары жоғары мектебінің аға оқытушысы, PhD  Умирзакова Гульжанат Амангельдиевна және магистр, оқытушы Есмағамбет Рита Өмірзаққызы.

Студенттерді және де жетекшілерін ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы республикалық конкурсының II кезеңіндегі жеңістерімен құттықтаймыз! Сіздерге ғылыми жетістіктер, ғылыми мәселелердің жаңа шешімдерін табуда табыстар, шығармашылық шабыт және батыл жобалар мен жаңалықтарды табысты іске асыруды тілейміз!