Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01

Жаңалықтар

Қос спортшымыздың жетістігі

05.05.2022 205 көрілім
Қос спортшымыздың жетістігі

Жәңгір хан университетінің мақтанышына айналған Риза Сүлейменова мен Досжан Өтепқалиев тағы бір белесті бағындырды.

«Экономика, ақпараттық технологиялар және кәсіби білім беру» институтының студенті Риза Сүлейменова жастар арасында самбо күресінен Тараз қаласында өтіп жатқан ҚР чемпионатында 72 келі салмақ дәрежесі бойынша ІІІ орын алды.

Ал «Индустриалды-технологиялық» институтының студенті Досжан Өтепқалиев грек-рим күресінен Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан U-20 жастар арасындағы Олимпиада және Әлем чемпионы, Қазақстанның еңбек ері Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға халықаралық турнирде чемпион атанды.

Спортшыларды құттықтаймыз!