2022 жылдың 7 сәурінде Zoom платформасында «Қаржы орталығы» АҚ-ның менеджері Искакова Анель Даниярқызының және «Мансап және бизнес-серіктестік» орталығының қызметкерлерінің қатысуымен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Онлайн шараға университеттің мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушы магистранттар мен докторанттар қатысқан болатын. Кездесу барысында оқу аяқтағаннан кейін түлектердің міндетті үш жылдық жұмыспен өтелуі, сондай-ақ осы мәселеге қатысты заңға енгізілген өзгерістер қарастырылды. Кездесу барысында магистранттар мен докторанттар өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап ала алды.