Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01

Жаңалықтар

Университетте Erasmus+ ACeSYRI жобасының командасына арналған ағылшын тілі курстары басталды

10.12.2021 253 көрілім
Университетте Erasmus+ ACeSYRI жобасының командасына арналған ағылшын тілі курстары басталды

Ағымдағы жылдың 9 желтоқсанында университетте Erasmus+ «Информатика саласындағы докторанттар мен жас зерттеушілерге арналған алдыңғы қатарлы орталық» (ACeSYRI) (тіркеу нөмірі 610166-EPP-1-2019-1-SK-EPPKA2-CBHE-JP) жобасының командасына арналған ағылшын тілі курстары басталды. Сабақтың бірінші күні курс тыңдаушылары ағылшын тілі грамматикасы бойынша өз білімдерін жаңарта алды және Destination тіл орталығының тәжірибелі оқытушысы Сергей Чампаловпен ағылшын тілінде сөйлеу тәжірибесін қолдана алды. Курстар желтоқсан айының соңына дейін жалғасады және Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-нің Erasmus+ » Информатика саласындағы докторанттар мен жас зерттеушілерге арналған алдыңғы озық орталық » жобасын іске асыруға қатысатын 9 адамды қамтиды. Еуропалық Комиссиямен жоба шеңберінде қаржыландыратын бұл курстар жоба командасы мүшелерінің коммуникативтік дағдыларын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді деп үміттенеміз.