Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01

Жаңалықтар

СТУДЕНТТЕРДІҢ ПРАКТИКАҒА БАҒЫТТАЛҒАН САБАҚТАРЫ

03.11.2021 170 көрілім
СТУДЕНТТЕРДІҢ ПРАКТИКАҒА БАҒЫТТАЛҒАН САБАҚТАРЫ

29  қазан «5B072700-Азық–түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығының ТПП-41, 47 топ студенттері оқытушы Б.Н.Алижанованың жетекшілігімен «Балық және балық өнімдері технологиясы» пәнінен практикаға бағытталған сабақтарын өткізді. Білім алушылар «Альбетьяров Е.К.»  ЖК-ға барып, балық шаруасы Нұрсейітов Нұрбек Мұсаұлынан балық шаруашылығын жүргізу, балық өнімдерін алу және өндіру жолдары туралы толық ақпарат алды. Студенттер өз сұрақтарын ашық түрде қойып, болашақ мамандықтарына қызығушылықтары артып қайтты.

«Қос өзен» деп аталатын брендтелген Балық дүкенінің сөрелеріне балық өнімдері қойылғанға дейін «сахна артында» жүргізілетін шабақтандыру, қыс кезінде қалың мұз астында оттегін жіберу, құнарлы қоректендіру, аулау, сорттау, өнімді мұздату секілді жұмыстар туралы түсіндіріп, фото, видео ақпарат көрсетіп, толық мәлімет берді.