Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Жаңалықтар

Ардагер спортшыны құттықтады

12.10.2021 289 көрілім
Ардагер спортшыны құттықтады

Жәңгір хан университетінің аға оқытушысы, доцент, қол күресінен жаттықтырушы Николай Коломоецті туған күнімен құттықтау шарасы өтті.

Оған тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Ақылбек Сұлтанов, «БҚО велосипед спорты федерациясы» АҚ президенті Асқар Шораев және оқытушылар қатысты.

Университет проректоры Ақылбек Ұзақбайұлы 1966 жылдан бері осы оқу орнында қызмет атқаратын ардагер ұстазды 77 жасқа толған туған күнімен құттықтады. Сонымен бірге Николай Константинұлына БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қаймен Есендияов пен «БҚО велосипед спорты федерациясы» АҚ президенті Асқар Шораевтың атынан «Алғыс хат» тапсырылды. Әріптестері де өз құттықтауларын жеткізіп, туған күн иесінің атына жылы лебіздерін арнады.  

Ардагер ұстаз Н.Коломоец өзіне құрмет көрсеткен университет ұжымына, сондай-ақ облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына ризашылығын білдірді. Ардагер спортшы күні бүгінге дейін талантты спортшыларды тәрбиелесе, енді шәкірттері де осы салада жемісті еңбек етіп жүр.