Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Жаңалықтар

Қаламгермен кездесті

30.09.2021 186 көрілім
Қаламгермен кездесті

Жәңгір хан университетінің студенттері Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, танымал жазушы, облыстық «Орал өңірі» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Бауыржан Ғұбайдуллинмен кездесті.

Университеттің «Парасат» ақпараттық білім беру орталығы ұйымдастырған тағылымды кешті Ақпараттық жұмыс басқармасының басшысы Болатбек Сахиев жүргізді. Алдымен студенттерге кездесудің құрметті қонағы Бауыржан Файзоллаұлының өмір жолы мен шығармашылығы туралы мағлұмат таныстырылды.

Өзінің балалық шағы, еңбекке араласқан жылдары, шығармалары туралы кеңінен әңгімелеген қаламгер жастарды білім алуға, кітап оқуға, өмірде дұрыс таңдау жасай білуге шақырды. 

Кеш барысында білім алушылар жазушының шығармалары туралы ой-пікірлерімен бөлісті. Рухани іс-шара соңында студенттер жазушы-журналист Бауыржан Файзоллаұлымен естелік суретке түсті.