Call-center
2 of our colleagues have a birthday today
ҚАЗРУСENG
2 of our colleagues have a birthday today
Admissions committeeWe answer applicants’ questions
Admissions committee pageProgrammes, passing scores, documents Message us on WhatsAppQuick reply Call us+7 711 250 24 01
Back
Online

Қаржылық сауаттылық негіздері

Course author: Абдешова Альберта Шынболатовна
Course duration: 3
ТақырыбыҚаржылық сауаттылық негіздері
Курс авторыАбдешова Альберта Шынболатовна, а,а оқытушы, экон.ғыл.магистрі
Курс мақсаты«Қаржылық сауаттылық негіздері» курсының мақсаты – тыңдаушыларға жеке қаржыны жоспарлау мен жинақтау, бюджетті басқару және салмақты қаржылық шешімдер қабылдау бойынша базалық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру. Курс қаржылық қызметтерді пайдалануда дұрыс таңдау жасауды, өз құқықтарын қорғауды, алаяқтықтан сақтануды және жеке қаражатты тиімді басқаруды үйретеді. Бұл өз кезегінде адамның қаржылық әл-ауқатын арттыруға септігін тигізеді.
Күтілетін нәтижеОсы курсты аяқтағаннан кейін тыңдаушы: -жеке қаржы, қаржылық жоспарлау, отбасы бюджетінің негіздері, қаржы нарығының өнімдері, сақтандыру, салық түрлері, зейнетақы реформасы және инвестиция құралдары туралы теориялық негіздерді білуі тиіс; -несие, депозит, акция және облигация сияқты әртүрлі қаржы құралдары туралы білуі және өзіне ең қолайлысын таңдай білуі керек; -әртүрлі салық түрлерін білуі, оларды есептей алуы, сондай-ақ салықтық жеңілдіктер мен шегерімдерді пайдалана білуі қажет; -жинақтау мақсаттарын қоя білуі және сол мақсаттарға жету жоспарын жасай алуы тиіс; -өз бюджетін жүргізе білуі: кірістер мен шығыстарды жоспарлау, шығындарын бақылау және бюджетін оңтайландыру қабілеті болуы керек; -алаяқтық белгілерін тани алуы, өзін қалай қорғау керектігін білуі және көмекке қайда жүгіну керек екенін білуі қажет.
ФорматКурс 9 аптаға жоспарланған, видеодәрістер мен практикалық тапсырмалардан тұрады.
БағдарламаТақырып 1. Қаржылық сауаттылық: қажеттілігі және мәні Тақырып 2. Жеке қаржыны басқару Тақырып 3. Тұтыну несиесі Тақырып 4. Жинақ және инвестиция Тақырып 5. Жеке тұлғаларға салық салу Тақырып 6. Тұрғындарды сақтандыру Тақырып 7. Азаматтарды әлеуметтік және зейнетақылық қамтамасыз ету Тақырып 8. Қаржы және кәсіпкерлік Тақырып 9. Қаржылық алаяқтық және киберқауіпсіздік

Sign up for a course