Call-center
2 of our colleagues have a birthday today
ҚАЗРУСENG
2 of our colleagues have a birthday today
Admissions committeeWe answer applicants’ questions
Admissions committee pageProgrammes, passing scores, documents Message us on WhatsAppQuick reply Call us+7 711 250 24 01
Back
Online

Жер ресурстарын басқару

Course author: Тасанова Жадыра Байжановна
Course duration: 5
Тақырыбы      Жер ресурстарын басқару
Курс авторыТасанова Жадыра Байжановна – аға оқытушы, магистр
Курс мақсатыЖер ресурстарын басқару курсын оқытудың мақсаты – білім алушыларға жер ресурстарын тиімді пайдалану мен қорғау, мемлекеттік реттеу механизмдері, құқықтық және экономикалық аспектілер бойынша кешенді білім беру. Бұл курс білім алушыларға жер ресурстарын басқару саласында кәсіби құзыреттілікті қалыптастырып, оларды жер қатынастары саласындағы шешімдер қабылдау мен талдау жасауға дайындайды.
Күтілетін нәтижеКурс аяқталғаннан кейін студенттер төмендегі білім, дағды және құзыреттерді меңгереді: Жер ресурстарының мәнін және олардың рөлін түсіну – жер ресурстарының жіктелуі, олардың экономикалық, экологиялық және әлеуметтік маңызын білу. Жер ресурстарын басқарудың құқықтық негіздерін меңгеру – Қазақстан Республикасының Жер кодексі, нормативтік-құқықтық актілер мен халықаралық тәжірибелерді зерттеу.
Жер кадастры мен бағалау әдістерін білу – жерді есепке алу, тіркеу, бағалау әдістерін, жерге орналастыру және геоақпараттық жүйелердің (ГАЖ) рөлін түсіну. Экономикалық және экологиялық аспектілерді игеру – жер рентасы, жер нарығы, жер салығы және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану тәсілдерін үйрену.
Мемлекеттік басқару жүйесін түсіну – жер ресурстарын басқару органдарының қызметін, олардың міндеттері мен функцияларын білу. ұл курсты сәтті аяқтаған студенттер жер ресурстарын басқару саласында аналитикалық, құқықтық және практикалық дағдыларға ие болып, мемлекеттік басқару, жер кадастры, ауыл шаруашылығы және экологиялық мониторинг салаларында кәсіби қызмет атқаруға дайын болады.  
ФорматКурс 15 аптаға арналған, видеолекциялар мен тапсырмаларды қамтиды.
БағдарламаТақырып 1. Кіріспе. Жер ресурстарын басқару объектісі, пәні және субъектісі   Тақырып 2. Жер ресурстарын басқару міндеттері мен түрлері Тақырып 3. Жер ресурстарын басқару функциялары, әдістері мен қағидалары Тақырып 4. Қазақстан Республикасының жер қоры – басқару объектісі ретінде Тақырып 5.Жер ресурстарын басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы Тақырып 6.Жер ресурстарын басқару органдарының функциялары Тақырып 7. Жер ресурстарын басқару саласындағы құқық көздерінің жіктелуі Тақырып 8.Мемлекеттік жер кадастры Тақырып 9. Жерге орналастыру қызметі Тақырып 10. Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау Тақырып 11. Жер мониторингі Тақырып 12. Жер нарығының қалыптасуының негізгі ережелері Тақырып 13. Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің кадастрлық бағасы Тақырып 14. Жер ресурстарын пайдалануды болжамдау Тақырып 15. Жер ресурстарын пайдалануды жоспарлау

Sign up for a course